Қазақстан – Иран кездесуінде «Астана» баскетболшысы үздік атанды

Қазақстан – Иран кездесуінде «Астана» баскетболшысы үздік атанды

Әлем чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінде Катар астанасы Дохада Ирак құрамасымен кездескен Қазақстан баскетболшылары 50:64 (20:10, 16:11, 10:19, 4:24) есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында үздік ойыншы номинациясын «Астана» баскетбол клубының 24 жасар ойыншысы Максим Марчук жеңіп алды. Оның еншісінде 14 ұпай бар.

Қазақстандықтар ойынның алғашқы жартысын өте тамаша өткізді. Үлкен үзілістің алдында Ренатас Курилионокис шәкірттері қарсыластарынан 15 ұпайға алда тұрды. Алайда, үшінші және төртінші кезеңдер біздің жігіттер үшін өте сәтсіз болды.

Айта кетейік, Дохаға Қазақстан ұлттық сапында «Астананың» алты ойыншысы аттанған болатын. Әлем чемпионатының екінші іріктеу кезеңінің жолдамасын ақпан айындағы ойындарда-ақ жеңіп алған біздің жігіттер Катарда турнир кестесінде неғұрлым жоғары орындардан көрінуді көздеді. Оның үстіне, бірінші кезеңдегі ұпайлар екінші іріктеу кезеңінде де есептеле береді.

Енді Бірінші іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын жерлестеріміз 2 шілде күні топ көшбасшысы Иранмен кездеседі. Өз кезегінде парсы баскетболшылары 29 маусымда Катарды 77:75 есебімен ұтып, 9 ұпаймен бірінші орында тұр.

Ал Қазақстан құрамасы 8 ұпаймен екінші орынды иемденсе, Иракта 7 ұпай, ал көш соңында 6 ұпаймен Катар құрамасы.

Жалпы, 2019 жылғы Әлем чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінде (Азия/Мұхит аралдары аймағы) 16 команда 4 топқа бөлініп өнер көрсетуде. Әр квартеттен келесі кезеңге көрсеткіші жоғары үш командадан шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или