Әлем футболы

ӘЧ-2018: 1/8 финалда Испания мен Ресей кездеседі

ӘЧ-2018: 1/8 финалда Испания мен Ресей кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдегі әлем чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұптар анықталды.

В тобының үшінші турында көш басындағы Испания келесі кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылған Марокко құрамасымен кездескен. Испан футболшылары шешуші матчта ұпай жоғалтты.

Ойынның 14-минутында Халиб Бутаиб есеп ашқан. Бірақ бес минуттан соң Иско таразы басын теңестірді. Марокколық футболшылар бұл голдан соң салы суға кетпей, матч аяғында есепте тағы да алға шыққан. Енді топтан бірінші орынмен шығу үшін испаниялықтарға тағы да гол соғуға тура келді.

Ойынның қосымша уақытында Яго Аспас қанжығасын майлап, матч нүктесін қойды – 2:2.

Осылайша, Испания құрамасы топта 5 ұпай жинап, плэй-оффқа бірінші орынмен шықты. Енді 1/8 финалда испаниялықтар Ресей құрамасымен кездеседі.

Ал Марокко болса, топтық кезеңде бір ұпай жинап, соңғы орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер