Теңбіл доп әлемі
Әлем футболы

Дания үш ұпайға қол жеткізеді

Дания үш ұпайға қол жеткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Әлем чемпионатының бүгінгі күні голға бай болып тұр.

Алдымен Франция мен Аустралия кездесуінде үш гол көрсек, Аргентина мен Исландия да бізді голға қырық қылды.

Ендігі кезек Дания пен Перу құрамаларында.

Букмекерлік кеңселер бұл кездесуде азғана басымдықты еуропалықтарға беріп отыр екен. Қалай дегенмен де Кристиан Эриксен сынды ойыншысы бар Дания кез келген қарсыластың бас ауруына айналары анық.

Естеріңізде болса Дания құрамасы іріткеуде Қазақстанмен бір топта болған. Бұл командамен қос кездесуде біз тек Гафуржан Сүйінбаевтың голын ғана еске аламыз.

С тобында Франция құрамасы көшбасшы екендігі белгілі. Өзге үшеуі топтағы екінші орынға таласатына да жасырын емес. Перу мен Дания кездесуінде жеңіске жеткен команда топтан шығуға үлкен қадам жасайды. Біз басымдықты Еуропалықтарға беріп отырмыз.

Болжам: Данияның жеңісі. 2,46 коэфицент.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер