Асқар Мамин: Ұлттық құраманың жетістіктері көңіл қоншытар емес
Бүгін, яғни 26 мамыр күні Астана қаласының «Рэдиссон» қонақ үйінде ҚХФ кезекті баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды prosports.kz сайтының тілшісі.
Баспасөзде, 2019 жылы өтетін әлем біріншілігімен қатар, Красноярск қаласында болатын 29 қысқы Универсиада және жастар арасындағы халықаралық бәсекелері жайында сөз қозғады.Ал, 2017-2018 жылы өткен ойындардың негізгі түйіндемелерін ауызға ала отырып, жаңа маусымға отандық командалардың ішінде қандай өзгерістерді енгізе керектігін ұлттық құраманың бас бапкері өз кезегінде ауызға алды.
«Біріншіден, ұлттық құрама сапын жаңа құраммен толықтыру керек деп ойлаймын. Бұл дегенім,жастар қатарын толықтырғанымыз абзал болар. Себебі, жастар арасындағы халықаралық бәсекелерде ҚР жастар құрамасы өте жоғары деңгейде өнер көрсеткен. Екіншіден, спортшыларымыз жарақат алғанымен, жазылу мерзімі көп уақытқа созылып жүр. Сондықтан, жедел жәрдем қызметкерлерін ауыстырғанымыз жөн», деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев.
Сонымен қатар, Қазақстан хоккей федерациясының президенті, ағымдағы жылдың ұлттық құраманың жетістіктеріне көңілі толмай отырғандығын еш жасырмады.
«Қазіргі таңда, ұлттық құраманың жетістіктері көңіл қоншытар емес. Өйткені, 22-28 сәуір аралығында өткен әлем біріншілігінің бірінші дивизионының А тобында өнер көрсеткен біздің команда, топтық кезеңде 5 ойыннан кейін 9 ұпаймен 3 орынға табан тіреді. Егер де осылай жалғаса беретін болса, жүлделі орыннан көрінуіміз ек талай. Сол себепті, алдағы жарыстарда қарсыластардан айламызды асырсақ, нұр үстіне нұр болар еді», деді ҚХФ президенті Асқар Мамин.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы шайбалы хоккейден әлем біріншілігі Астанада алғаш рет өтеді. Аталмыш додаға, төрткүл дүниенің адуын айға білеген командалары арасында Қазақстан ұлттық құрамасы да сайысқа түседі.