русский язык
Бокс

Головкинге қарсылас болуы мүмкін 8 боксшы

Головкинге қарсылас болуы мүмкін 8 боксшы

Ringside Boxtalk басылымы қазақстандық Геннадий Головкинге алдағы жекпе-жектерде қарсылас атануы мүмкін боксшыларды таңдады.

Головкин-«Канело» рематчының өте мүмікндігі 10% деп болжанды. Бірақ промоутер Том Леффлер оптимистік көзқараспен қарайды. Боб Арум болса желтоқсанда Риота Мурата мен Головкин жекпе-жегін өткіземін деп отыр. Абель Санческе осы идея ұнайтын секілді. Басқа дивизионнан Билли Джо Сондерс, Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, Сергей Деревянченко мен Дэниэл Джейкобс қарсылас атануы мүмкін. Сондай-ақ Арум GGG бокстасуы мүмкін боксшылардың тізімінде Хильберто Рамирес бар. Осылайша Головкин үшін бірнеше нұсқа қарастырылып отыр», - деп жазады сайт.

Еске сала кетсек, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Түпнұсқасы: Baq.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;