УЕФА Кубогына қатысатын екінші команда белгілі болды
УЕФА Кубогына алматылық «Қайраттан» бөлек «Ақтөбе» футзал клубы қатысады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Талдықорғандық «Жетісуды» жетінші ойында 3:1 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионатының финалына шыққан «Ақтөбе» еурокубок жолдамасына ие болды. Себебі, «Қайраттан» «Аятты» (4:0) ұтып, финалист атанған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, UEFA кубогының 2018/19 жылғы маусымына Қазақстан атынан екі команда қатысады. Бұл туралы «Қайрат» футзал клубының бас бапкері Какау мәлімдеді.
<span>Биыл жыл басында өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға дейін жетіп, Испания құрамасына ойыннан кейінгі пенальти сериясында ғана есе жіберген еді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или