Футзал

UEFA кубогына Қазақстан атынан екі клуб қатысады

UEFA кубогына Қазақстан атынан екі клуб қатысады
news-banner7
mobile-news-top

UEFA кубогының 2018/19 жылғы маусымына Қазақстан атынан екі команда қатысады. Бұл туралы «Қайрат» футзал клубының бас бапкері Какау мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

- Қазақстан футзалын құттықтаймын. ЕURO-2018 турниріндегі жақсы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы Еуропа рейтингісінде төртінші орынға көтерілген еді. Осы көрсеткіштің арқасында 2018/19 маусымынан бастап UEFA Кубогына Қазақстаннан екі клуб қатыса алады, - деп жазды Какау өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл басында өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға дейін жетіп, Испания құрамасына ойыннан кейінгі пенальти сериясында ғана есе жіберген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер