Ел не демейді ...
ММА

Жалғас Жұмағұлов: Арманым - анама үй салып беру

Жалғас Жұмағұлов: Арманым - анама үй салып беру
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өткен Fight Nights Global 86 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен Тайсрн Нэм айқасты. Бес раундқа созылған айқаста жерлесіміз төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қазақстан халқына қуаныш сыйлаған ақтөбелік жауынгер жарыстан соң өз ойымен бөлісті.

- Кездесу өте қиын болды. Тайсон өты мықты файтер екенін барлығы біледі. Жекпе-жек алдында мен фаворит болмағаным оған дәлел. Десе де бапкерлеріммен бұл айқасқа тыңғылықты дайындалдым. Оның әлсіз тұстарын зерттедік. Бес раунд төбелесу оңай емес. Бұл жолы функционалдық дайындығым да дұрыс болды. Менің жеңіске жеткенімді барлығы өз көзімен көрді.

- Фукционалдық дайындық демекші. Кейбір раундтарда шаршағаныңыз байқалды.

- Ия, төртінші раундта демім жетпей жатты. Кейін артынан тыныс алуым орнына келді. Сол сәттерде жанкүйерлер Тайсон мені сұлатып түсреді-ау деген ой да болған шығар. Алайда, мен кездесуді өз бақылаумыда ұстадым.

- Кездесуге қандай ұстаныммен шықтыңыз?

- Тайсон өте қауіпті қарсылас. Оның мықты панчер екенін де барлығы біледі. Сол себепті мен оны сұллатуды мақсат тұтпадым. Өзімді барлық бес раундқа дайындадым.

- Fight Nights ұйымының президенті сізді чемпиондық жекпе-жекке лайық деді. Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

- Әрине, маған титулдық кездесу бергені жақсы ғой. Алайда менің де жоспарларым бар. Алда қасиетті рамазан айы келе жатыр. Бала кезімдегі арманым – анама үй салып беру болатын. Қазіргі таңда басты мақсатым - рамазан айында жаттығудың барлығын тастап, сол арманымды жүзеге асыру.

- Cұхбатыңызға рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер