Бокс

Димаш Ниязов Данияр Елеусіновпен бір кеште жұдырықтасады

news-banner7
mobile-news-top

24 сәуірде Бруклинде өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Дэниэл Джейкобс пен поляк Мацей Сулецки жұдырықтасады.

Бұл кештің андеркардында Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізетіне белгілі болған. Оның қарсыласы әзірше белгісіз.

Сонымен қатар, бұл кеште тағы бір қазақстандық жұдырықтасатыны анықталды. BoxRec.com сайтының ақпаратына сүйенсек, Димаш Ниязов та сол күні кездесу өткізеді. Бірақ оның қарсыласы да белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер