Ардақ Назаровтың шәкірттері NFC 13 турнирінде жеңіске жетті
<span>Аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровтың шәкірттері Ақтау қаласында NFC Naizа Fighting Championship турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Qsport.kz сайты.</span>
<span>«Алем файтерс» кəсіпқой спорт клубының спортшылары Мырза Еркінбек пен Нұржан Тұтқа Ақтау қаласында өткен NFC турнирінде жеңіске жетті. 73 келі салмақта сынға түскен Мырза Еркінбек өзбекстандық спортшы Жасур Азимовты 1 раундта техникалық нокаутпен жеңсе, Нұржан Тұтқа шешенстандық спортшы Аслан Алгериевты ұтты.</span>
<span>Айта кетейік, Naizа Fighting Championship қазіргі таңда аралас жекпе-жектен еліміздегі үздік тұжырымдардың бірі болып саналады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или