Арман Оспанов Мәскеуде Акоп Степанянмен кездеседі
Ресейлік ACB (Absolute Championship Berkut) компаниясы 5 мамырда Мәскеуде өтетін ACB 86 кешінің қатысушыларын жариялады. Қазақстандық Арман Оспанов (8-2) ресейлік Акоп Степанянмен (25-10) кездеседі.

Арман Оспанов соңғы жекпе-жегін былтыр 23 желтоқсанда тағы бір ресейлік Алексей Полпудниковке қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңілген болатын.

Арманның қарсыласы Акоп Степанян да соңғы кездесуінде жеңіліске ұшыраған. Ол өткен жылдың қараша айында британдық спортшы Эндрю Фишерге есе жіберген еді.

Аталған турнирге тағы бір отандасымыз Асылжан Бақытжанұлы да қатыспақшы. «Сак» Польшадан келген Карол Селинскимен кездесуі мүмкін. Егер оны жеңсе Асылжан Батраз Агнаевпен титулдық жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады.