Бокс

Қанат Ислам аргентиналық чемпионнан қашып жүр ме

Қанат Ислам аргентиналық чемпионнан қашып жүр ме
news-banner7
mobile-news-top

Аргентиналық Periodismo UNLP басылымының журналисі Виктор Оливера қазақстандық боксшы Қанат Исламның чемпиондық жекпе-жектен қашып жүргеніне назалы.

«Қанат Ислам Брайан Кастаньомен (аргентиналық боксшы, бірінші орта салмақта WBA чемпионы) жұдырықтаспауды жөн көріпті. Қандай өкінішті. Қазақтың есімі танымал болмаса да, бұл бокс үшін бәсекелеске толы жекпе-жек болар еді. Ол бұл жекпе-жектен қашып жүргені сөзсіз», - деп жазды Оливера твиттерде.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы рет былтыр қыркүйекте Астанада жекпе-жек өткізген болатын. Сол кезде канадалық Брэндон Кукты тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен ұтқан еді.

Бұған дейін америкалық боксшы Джон Вераның командасы Қанат Исламды жекпе-жектен қашты деп айыптаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер