Қазақстандық бала Рамзан Кадыровтың ұлдарын жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық бала Рамзан Кадыровтың ұлдарын жекпе-жекке шақырды

Он жасар қазақстандық жасөспірім бала Абай Тәжібай Шешенстан республикасы президентінің ұлдары  – Ахмад пен Адам Кадыровтарды жекпе-жекке шақырды.

Абай Ахмад пен Адамға видеоүндеу жіберіп: «Менің есімім Абай Тәжібай, мен10 жастамын, салмағым 36 келі, кикбоксингтен Астананың екі дүркін чемпионымын. Мен Ахмад пен Адамды айқасқа шақырамын. Адам, маған жауап бер. Меніңше, бұл керемет жекпе-жек болады».   

Әкесінің айтуынша, Абай басында кикбоксингпен айналысатын. Грозный қаласындағы ММА-ден Grand Prix Akhmat-2016 турнирінде Кадыровтардың балалары чемпион белбеуді иеленген соң оның да қызығушылығы пайда болды. 

Естеріңізге салайық, Грозныйдағы Grand Prix Akhmat-2016 турнирі аясында Рамзан Кадыровтың 10, 9 және 8 жасар үш ұлы 27, 33 және 35 келі салмақтарда көрініс жекпе-жектерге шығып чемпион атанған еді. 

Аты аңызға айналған ресейлік жауынгер Федор Емельяненко Рамзан Кадыровтың бұл қылығын сынға алып, жасөспірім балалардың ММА ережелерімен 12 жастан ғана өнер көрсетуге болатынын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или