Томасов «Астана» командасының 600-ші голының авторы атанды

Томасов «Астана» командасының 600-ші голының авторы атанды

<span>Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясында өткен «Астана» - «Спортинг» арасындағы кездесу ел футболы тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі болды деуге толық негіз бар, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.</span>

<span> Себебі, осыған дейін бірде-бір қазақстандық команда еурокубоктерде дәл мұндай нәтижеге қол жеткізбеген.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Бұған қосымша тағы бір жаңалық, «Астана» командасы ресми кездесулердегі 600-ші голын соқты. Оның авторы команданың жартылай қорғаушысы Марин Томасов. Хорватиялық ойыншы командалас әріптесі Игорь Шитовтың тамаша пасын сәтті пайдаланып, Руй Патрисио қақпасынан саңылау тапқан болатын.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Еске сала кетейік, астаналықтар өткен маусымда 500-ші голдарын соққан еді. Оның авторы павлодарлық «Ертіске» қарсы кездесуде гол соққан Серікжан Мужиков.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или