Жерард Нус: Бір аптадан кейін барлығы белгілі болады

Жерард Нус: Бір аптадан кейін барлығы белгілі болады

«Ертіс» ФК баспасөз қызметі соңғы жаттығу жиындарының алдында команданың бас бапкері Жерард Нуспен сұхбат өткізді.

-Екінші оқу-жаттығу жиындарын қалай қорытындылауға болады? Қандай ойларыңыз бар?

-Екінші жиындардың нәтижесі өте жағымды. Физикалық дайындық жұмыстарын жалғастырдық. Одан басқа команда мен жекелей ойыншылардың тактикалық дағдыларын дамытуға көңіл бөлдік. Күн сайын футболшылар бар күшін көрсетіп, еңбек етті. Жалпы, біз жоспарлаған дүниелердің барлығын жүзеге асырдық деп ойлаймын. Екінші жиындарда команда рухтанып келе жатқандығын байқадым. Ұжымның жаңа мүшелері маусымды жақсы өткізуге бел буып отыр. Олар үшін бұның барлығы жаңа жоба, сол арқылы белестерді бағындырғылары келеді. Ойыншылар «Ертіс» отбасысының бір бөлігі болғысы келетіндігі, мені өте қуантады.

Үшінші жаттығу жиындарының өзгелерден айырмашылығы қандай болады?

Жаңа маусымның басталуына сәл уақыт қалды. Бұл ретте негізгі құрамды анықтау аса маңызды. Жаттығулардың қарқындылығы бәсеңдейді. Себебі сапаға көп мән береміз. Сонда маусым алдында әбден тынығып, күш жинаған күйде келеміз. Айту керек, алғашқы ойынға деген дайындықтың орны бөлек. Оның маңыздылығы мен нәтижелігі біз үшін басым бағыт болып табылады.

Құрама әлі де толықтыруды қажет етеді ме?

Бірқатар позиция бойынша әлі де күшейтуді қажет етеді. Бір аптаның ішінде бұл мәселені шешеміз деген ойдамын. Сонда команда 100% жинақталып, жаңа маусымда бәсекеге қабілетті болады. Бұл ойыншыларға ғана емес, клуб қызметкерлеріне де қатысты. Бір аптадан кейін барлығы анықталып, кімнің кетіп, кімнің келгендігі жайлы қауесет пен сұрақтар жойылады.

Шетелдік легионерлер жиындарда өздерін қалай көрсете білді?

Мен үшін футбол ойыншысы қазақстандық па, шетелдік пе, маңызды емес. Ойыншыларды осылайша бөлген дұрыс деп есептемеймін. Әрбіреуі құраманың бір бөлігі болуы тиіс. Көп еңбек етіп, жаттығу қажет. Бірі аз ойнап, екіншісі алаңда көбірек уақыт өткізсе де, команданың әр мүшесі мен үшін маңызды. Себебі негізгі құрамдағы 11-адамды ғана ойнатқызып, сәтті маусым өткізу мүмкін емес.

Командадағы жас ойыншылар жайлы не айта аласыз?

Жас ойыншылар жақсы ынталанған. Алайда бапкерлер құрамы, олар одан да көп еңбек етіп, тырысқандарын қалайды. Тек сонда ғана, негізгі командаға өте алады. Әрине, бұл оңай емес. Сол себепті жас футболшылар бірінші құрамамен бірге жаттығып жүр. Меніңше, бұл керемет тәжірибе. Жас ойыншылар бәрінен де артық жұмыс жасауға міндетті.

Давид Лория жайлы не белгілі? Денсаулығы қалай? Оған қатысты бірқатар қауесеттер айтылуда, бұл туралы не дейсіз?

Давид екінші жиындарда бізбен бірге болды. Қазір ол медицина орталығындағы ем алу курстарын жалғастырып жатыр. Мен одан тек жақсы хабар күтемін, әрі тез арада команда сапына қосылғанын қалаймын.

Маусымның күнтізбесі белгілі болды. Екі алғашқы кездесу өз алаңымызда өтеді. Бұл туралы қандай ойларыңыз бар?

Өз алаңымыздағы 2 ойын, команданы Павлодарлықтар алдында таныстыратын тамаша мүмкіндік деп білемін. Көп уақыт бойы біз үйден алыста болдық. Түркияда жаттығып, дайындалдық. Сондықтан бар назарымыз осы екі маңызды матчта болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или