«Спортингке» қарсы ойынды «Астана» - «Бенфика» матчының төрешісі басқарады 

«Спортингке» қарсы ойынды «Астана» - «Бенфика» матчының төрешісі басқарады 

«Астана» УЕФА Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясындағы тарихи матч аясында Португалияның «Спортинг» командасымен кездеседі. 

<span>Жұптың «Астана Аренада» өтетін алғашқы кездесуіне Рудди Буке бастаған франциялық төрешілер бригадасы қазылық етеді. Рудди Буке Португалияның басқа бір клубы «Бенфикаға» қарсы өткен ойынға да төрелік еткен. Сол кездесу 2:2 есебімен аяқталған болатын. </span>

<span>Биылғы маусымда 41 жастағы француз маманы Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі матчтарды басқарды. Клубтардың бас турнирінде ол «Манчестер Юнайтед» – «Базель» және «Карабах» - «Атлетико» кездесулеріне, ал Европа Лигасында «Заря» - «Атлетик» (Бильбао) ойынына төрелік етті. </span>

<span>Букеге екі қапталда өз отандастары — Гийом Дебар мен Сириль Григор көмектеседі. Реферидің қосалқы ассистенттері — Амаури Делерю және Франсоа Летесье. Резервтегі төреші — Николя Дано. </span>

<span>Еске сала кетейік, «Астана» - «Спортинг» кездесуі бүгін, 15 ақпан күні, Астана уақытымен 22:00-де басталады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или