Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек өте ме?

Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек өте ме?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Бүгін Головкиннің промоутері Том Леффлер «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жектің болмайтынын айтты», — деп жазады Hoy Deportes басылымының тілшісі Эдуард Коич.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 5 мамырға белгіленген. Әзірге өткізетін орын таңдалмады. Лас-Вегас пен Нью-Йорк басты орындар ретінде қарастырылып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или