Владимир Муханов: Жеңіске лайықты болдық
"Ақтөбе" ФК бас бапкері "Шукура" (Грузия) футбол клубымен өткен бақылау ойыны жайлы пікірін білдірді
- "Шукура" - Грузия жоғары лигасында ойнап, кейін ұшып кеткен команда. Сондықтан, олардың осының алдында кездескен қарсыластарымызға қарағанда деңгейі төмендеу екені белгілі еді. Олардың негізгі құрам ойыншыларының техникасы жақсы, мықты ойыншылар жиналған, ойлана білетін футболшылары бар. Бірінші тайм тіреске толы болды. Өзіміздің өрескел қателігіміз себепті 0:1 есебімен жеңіліп жаттық, сосын теңестірдік, жоқ жерден екінші голды соқтырып, тағы да теңестірдік. Екінші таймда екі команда да көптеген ойыншыларын ауыстырды. Біз дегенімізге жетіп, жеңіске жете алдық. Біз бүгінгі жеңіске лайықты болдық деп ойлаймын, себебі ойын тізгіні толықтай біздің қолда болды. Осылай екінші жиынымызды аяқтадық.