«Астана» - «Спортинг» кездесуінің билеттері қызу сатылымда 

 «Астана» - «Спортинг» кездесуінің билеттері қызу сатылымда 

<span>УЕФА Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясында өтетін «Астана» - «Спортинг» (Португалия) арасындағы кездесудің билеттері қызу сатылым үстінде. </span>

<span>Осыған байланысты ойын билеттері 15 ақпан күні түске дейін сатылып кетуі ықтимал. Дәл қазіргі уақытта 6000-ға жуық билет қана қалған. Барлық елордалық жанкүйерлерден, қала қонақтарынан аталмыш кездесуге билеттерді алдын ала, ертеңгі күнге дейін сатып алуларыңызды сұраймыз. 30 000 билет толық сатылып кеткеннен кейін, стадионға кіру мүмкін болмайтынын ескертеміз! Тарихи ойынға куә болғыңыз келсе, тездетіңіздер! </span>

Естеріңізге сала кетейік, билеттер «Астана Арена» кассаларында, «Меломан» дүкендерінде, «Астана билеттері» және «Астана концерттері» сауда нүктелерінде сатылымда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или