Срджан Граховац «Астанадан» кетті

Срджан Граховац «Астанадан» кетті

«Астана» Хорватияның үздік командаларының бірі «Риека» 2018 жылдың соңына дейін жартылай қорғаушы Срджан Граховацты жалға беру туралы келісімге келді. 

Бүгін «Астана» ойыншының трансферлік сертификатын хорватиялық командаға ресми түрде жіберді. Срджан жақын күндері жаңа командасы сапында алғашқы кездесуін өткізеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 жастағы Срджан Граховац – Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының ойыншысы. Өткен маусымда «Астана» сапында 26 ойын өткізіп, 8 мәрте нәтижелі соққысымен ерекшеленген. Алаңда орталық тірек жартылай қорғаушының міндетін атқарады. «Риека» ФК - 2016/17 жылғы Хорватия чемпиондары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или