«Спортингтің» үздік сұрмергені «Астанаға» қарсы ойнамайды
Португалиялық «Спортингтің» шабуылшысы Бас Дост жарақатының кесірінен Еуропа лигасының 1/16 финалында «Астанаға» қарсы алғашқы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz A Bola-ға сілтеме жасап.
Голландиялық форвард ақпанның басында жамбасын жарақаттап алған болатын.
«Спортинг» бапкері Жорже Жезуштың айтуынша, Дост қарымта матчқа дейін жарақатынан айығады.
Осы маусымда, Бас Дост лиссабондық команда сапында барлық турнирде 25 гол соқты.
Ал «Астана» мен «Спортинг» арасындағы алғашқы ойын 15 ақпанда «Астана Аренада» өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или