Роналду мұсылманша амандасты

Роналду мұсылманша амандасты

Танымал футболшы Криштиану Роналду мен UFC файтері Хабиб Нурмагомедов «Реал Мадрид» және «Реал Сосьедад» командалары арасында өткен ойыннан соң жүздесті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Желіде тараған видеода матчтан соң жолыққан спортшылар бір-біріне сыйлықтарын ала келгенін көруге болады. Роналду қолы қойылған допты сыйласа, ресейлік спортшы өзінің қолғабын табыстады. Видеода Роналду «Саламалейкүм» деп сәлем жолдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или