Футзал

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында жүлдесіз қалды

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында жүлдесіз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері белгілі болды.

Өкінішке орай Қазақстан құрамасы екі жыл бұрынғы жетістігін қайталай алмады.

Ресеймен үшінші орын үшін өткен ойынның бірінші таймында есеп ашылмады.

Ал екінші таймның орта тұсында Эдер Лима Ресей құрамасын алға шығарды.

Қақпаларына гол жіберіп алған Қазақстан құрамасы тайлы тұйағымен шабуылға шыққанымен ештеңе өндіре алмады. Қайта Дуглас алаңнан қуылып Ресей құрамасы ойыншы басымдығына ие болды. Екі минут бойында өз қақпамыздың алдында табандап жатып алған жігіттер қорғаныстың үздік үлгісін көрсетіп қақпаларына гол жібермеді.

Алаңдағы ойыншылар саны теңескен соң Қазақстан құрамасыо ойыншыларында таразы басын теңестіруге төрт минут болған.

Алайда біздің жігіттер Ресей қақпасынан саңлау таба алмады.

Осылайша Ресей құрамасы Футзалдан Еуропа чемпионатының қола жілдегері атанды. Ал біздің жігіттер қарт құрлықта төртінші.

Үшінші орын үшін ойын

Ресей - Қазақстан 1-0

Гол: Эдер Лима 29

Қазақстан: Игита, Тайнан, Довгань, Есенаманов, Дугла

Қосалқы құрам: Шамро, Жаманқұлов, Сүлейменов, Першин, Таку, Тұрсағұлов, Нұрғожин, Оразов.

Ресей: Замтарадзе, Эдер Лима, Робиньо, Давыдов, Чишкала

Қосалқы құрам:Путилов, Лысков, Ромуло, Милованов, Абрамов, Ниязов, Абрамович, Афанасьев, Эскердинья

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер