«Astana Arlans» есепті 4:0 ге жеткізді

«Astana Arlans» есепті 4:0 ге жеткізді

Бүкіләлемдік бокс сериясының сегізінші маусымына қатысып жатқан «Astana Arlans» бокс клубы «Indian Tigers» командасын 4:0 есебімен жеңіп жатыр.

Осының алдында қазақстандықтардың  алғашқы екі кездесуде жеңіске жеткенін жазған едік. Сол жеңісті жолды шаршы алаңға үшінші, төртінші болып шыққан боксшыларымыз да жалғастыра білді.

Атап айтар болса, 81 келіде Жарманов Нұрдәулет қарсыласы Ядав Бриешті 2:1 есебімен жеңді. Одан кейін аса ауыр салмақта бокстасқан Аманжолов Нұрсұлтан үндістандық Парвин Кумардан басым түсті.

Енді ең жеңіл самақта Балтабаев Ақниет - Бишт Кавиндер Сингх арасындағы кездесу ғана қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или