«Астана Арланс» алғашқы екі жекпе-жекте жеңіске жетті
Қарағанды қаласында өтіп жатқан «Astana Arlans» - «Indian Tigers» кездесуінде қазақстандық команда 2:0 есебімен алға шықты.

Бірінші болып шаршы алаңға шыққан Теміржанов Серік қарсыласы Дахья Анкушті ұпай санымен ұтты. Қос боксшы 60 келіге дейінгі салмақта белдесті.

Ал екінші жекпе-жекте 69 келі салмақта бокстасқан Құрамысов Бекболат та Үндістаннан келген қарсыласынан басым түсті. Кездесудің үшінші раундында Неги Дуриодхан Сингх қабағынан жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Төрешілер қазақстындық боксшының қолын көтерді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или