Деспотович: Оқу-жаттығу жиындарындағы ойындардың нәтижесі аса маңызды емес

Деспотович: Оқу-жаттығу жиындарындағы ойындардың нәтижесі аса маңызды емес
«Астана» БАӘ-дегі екінші оқу-жаттығу жиыны аясында қытайлық «Ляонин» командасына қарсы ойнап, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Ойын соңында елордалық команданың шабуылшысы Джордже Деспотович клубтің баспасөз қызметіне кездесу туралы өз пікірімен бөлісті:

- Біз үшін дәл қазіргі сәтте әрбір ойын маңызды. «Спортингке» қарсы кездесуге дейін команда өз бабына келіп үлгеруі тиіс. Бүгінгі кездесуде бапкерлер құрамының берген тапсырмасын жоғары дәрежеде орындап, жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.

- «Астана» оқу-жаттығу жиыны аясындағы соңғы екі кездесуде жеңіліп қалған еді. Осы жеңілістерден ес жию қиын болған жоқ па?

- Оқу-жаттығу жиындарындағы ойындардың нәтижесі біз үшін аса маңызды емес. Ең бастысы, команда жаңа маусымға лайықты деңгейде дайын болу керек.

- Кабананга «Астана» сапынан кеткеннен кейін, «Спортингке» қарсы ойында шабуылшының міндетін атқаратын екі кандитан ойыншы – Сіз және Алексей Щеткин бар. Егер бапкерлер құрамы аталмыш кездесуде, Сізге сенім артып, алаңға шығаратын болса, дайынсыз ба?

- Әр футболшы алаңға шығып ойнағанды қалайды. «Спортингке» қарсы матчта алаңға шығатын кез-келген ойыншы өзінің максимум деңгейін көрсетуге тырысатыны анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или