Қазақстан құрамасы жартылай финалда!
Еуропа чемпионатының ширек финалындағы Қазақстан – Сербия матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчтың фавориті саналған жерлестеріміз мықытылығын дәлелдеп, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші таймның 8 минутында команданың сұрмергені Серік Жаманқұлов Қазақстан құрамасын есепте алға шығарды.
Ал екінші таймда Тайнан есепті еселеді. Кездесудің аяқталуына төрт минут қалғанда Райчевич есепті 2:1 жеткізді. Соңғы төрт минут Какау шәкірттері үшін өте қиын болды. Қақпамызға жатып алған сербиялықтар шабуылдарын үдейтті. Алайда, матчтың аяқталуына 23 секунд қалғанда команда көшбасшысы Дуглас қарсыластың қатесін кешірмеді. Нәтижесінде, есеп 3:1, Қазақстан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты.
Айта кетейік, жерлестеріміздің жартылай финалдағы қарсыласы Украина-Испания кездесуінде анықталады.
Еуропа Чемпионаты. Ширек финал
Сербия - Қазақстан 1:3 (0:1)
Голдар: Жаманқұлов 8 (0:1), Тайнан 23 (0:2), Райчевич 36 (1:2), Дуглас 40 (1:3)
Ескертулер: Перич 7, Аксентиевич 23 — Тайнан 26
Сербия: Аксентиевич, Перич, Коцич, Симич, Райчевич — Момчилович, Вулич, Матиевич, Ракич, Милосавац, Рамич, Томич, Станкович Радованович
Қазақстан: Игита, Довгань, Есенаманов, Дуглас, Нұрғожин — Шамро, Тайнан, Жаманқұлов, Сүлейменов, Першин, Таку, Тұрсағұлов, Оразов
Төрешілер: Камил Четин (Түркия), Марк Биркетт (Англия), Владимир Кадыков (Ресей)
5 ақпан. Любляна. «Арена Стожице».