Әлем чемпионатының Кубогы Алматыда
Футболдан әлем Кубогы Алматыға келді. Алғаш рет Әлем Кубогы Алматыға 2010 жылы келген болатын. Қазақстан осы трофейді екінші рет қабылдайтын Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет атанды.
Бүгін Алматының xалықаралық әуежайында басты трофейді Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Кока-кола компаниясының, Қазақстан футбол федерациясының және БАҚ өкілдері салтанатты түрде қарсы алды. ФИФА өкілдерімен қатар,Әлем және Еуропа чемпионы, XX ғасырдың "Үздік футболшысы Криастан Карамбе бұл тариxм оқиғаның маңызын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, танымал футболшы жылы қонақжайлық үшін алғысын білдіріп, тілшілердің барлық сұрақтарына жауап бере отырып, Кубок 9 елді аралап үлгергенін айта кетті. Бұл трофей біздің елге Пәкістаннан келіп, өз сапарын Қырғызстанда жалғастырады.

.jpg)
Әлем чемпионаттарының алдында өткізілетін дәстүрлі тур 9 қыркүйек күні Мәскеудегі «Лужники» стадионында басталды. Әуежайдан қала тұрғындары мен қонақтары мың бояулы Алматыда теңбіл доп додасының ең басты трофейінің келуіне орай «Мега» орталығында бас қосты. Бұл қала тұрғындарына ФИФА-ның ресми өкілдерінің тарапынан жасалған үлкен сый, қайталанбас естелік болды.
- Қазақстан үшін бұл үлкен қуаныш. Біз Әлем Кубогын өз қаламызда тамашаладық. Әсерлерімді айтып, жеткізе алмаспын. Әрине, еліміздің құрама командасы бұл додаға қатыспайтыны өкінішті-ақ. Бірақ, бүгін футболдың жанкүйері үшін үлкен мереке. Ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік үшін шексіз алғысымды білдіремін, - деп бөлісті қала тұрғыны Темірлан Қуанышев.

Теңбіл доп додасының ең басты трофейінің келуіне орай жиналған қонақтардың айтуынша, бұл әлем спортындағы ауқымды оқиға тек қуаныштын белгісі. Бұл сөзге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевта өз сөзінде атап өткен болатын.
- Осы Әлем чемпионаты қарсанында өтіп жатқан ауқымды спорттық іс-шараға қатысуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Әлем кубогі ол жай ғана жүлде емес, бұл әлемдегі спорттың ең атақты трофейі. Елбасымыздың қолдауымен Алматы қаласы қазір тек қана Қазақстанның емес, орталық Азиянының да спорттық орталығы болып саналады. Біз осы жерге жиналған барлық қонақтарға, біздің керемет қаламызға қош келдіңіздер дегім келеді, - деді өз құттықтауында Арман Қырықбаев.

Құттықтау сөз аяқталған соң Coca Cola өкілдері Алматы әкімдігіне Кубоктын кіші нұсқасын сыйлап, қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді. Артынша, барлық жиналған қонақтар Әлем кубогының жанында естелік суретке түсті.
