«Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» тең тарқасты

«Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» тең тарқасты

«Ливерпуль» АПЛ-дің 26-турында өз алаңында «Тоттенхэммен» тең түсті – 2:2.

Ойын есебін Мохамед Салах ашып, алаң иелерін алға шығарған. Алайда матчтың бар қызығы 80-минуттан басталды. Алдымен, Виктор Ваньямо әдемі соққымен есепті теңестіріп тастады. Бес минуттан соң қонақтар пенальти тебуге мүмкіндік алды. Бірақ Харри Кейннің нүктеден жасаған соққысын Лорис Кариус қайтарып тастады.

Төреші қосқан қосымша уақытта Салах тағы бір гол соғып, «Ливерпуль» жеңіске жақын болған. Алайда кейін төреші алаң иелерінің қақпасына тағы бір пенальти белгіледі. Бұл жолы Кейн мүлт кетпеді – 2:2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или