Шимкович «Ақтөбеден» кетті
Австриялық легионер инстаграмда «Ақтөбеден» кететінін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құрметті «Ақтөбе» ФК жанкүйерлері! Мансабымдағы ең жақсы кезеңмен қоштасатын сәт жетті. Мұнда ойнап, командамен бірге соңғы алты айға қойылған мақсатты орындағанымызға қуаныштымын. Ақтөбеде өзімнің бір бөлігімді қалдырдым деп ойлаймын. Баршаңызға үлкен рахмет! Әр ойында үлкен қолдау көрсеткен 13-секторға рахмет! Әлі де көрісіп қалармыз. Жаңа маусымға сәттілік», - деп жазды Томаш Шимкович.
Томаш Шимкович «Ақтөбе» сапында 14 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или