Командалық

Қазақстан ұлттық құрамасының ширек финалдағы қарсыласы белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының ширек финалдағы қарсыласы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан допты хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үш кездесуінде де ірі есеппен жеңіске жетті. Сөйтіп, «B» тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты.

Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі үш кездесуі төмендегідей нәтижемен аяқталды:

Қазақстан - Венгрия 29:0

Қазақстан - АҚШ 14:1

Қазақстан - Германия 17:2

Енді отандастарымыз 2 ақпан күні «А» тобында төртінші орын алған құрамамен жартылай финал жолдамасын сарапқа салатын болады.

Ал «А» тобының көш соңында Норвегия құрамасы қалып қойды. Демек, біздің ширек финалдағы қарсыласымыз дәл осы норвегтер болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер