Хоккей

Қазақстан АҚШ құрамасын тас-талқан етіп ұтты

Қазақстан АҚШ құрамасын тас-талқан етіп ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан допты хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші ойынын өткізді. Отандастарымыздың бұл жолғы қарсыласы АҚШ құрамасы болатын.

Жерлестеріміз кездесу басталысымен ойын тізгінін қолға алып қарсыласты қақпа маңына тықсырып салған. Нәтижесі де көп күттірген жоқ. Ойынның небары 30 секундында команда капитаны Рауан Иссалиев біздің құраманы есепте алға шығарды. Одан кейінгі екі шайбаны да Рауан өз еншісіне жазды.

АҚШ құрамасы жалғыз нәтижелі соққымен көзге түскен кезесудің жалпы есебі 14-1, Қазақстан құрамасының пайдасында.

Бұл Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы екінші жеңісі. Топтық кезеңдегі алғашқы ойында жерлестеріміз Венгрия құрамасы қақпасына жауапсыз 29 гол соққан.

Енді Қазақстан құрамасы топтағы соңғы ойынын Германияға қарсы өткізеді. бұл кездесу ертең яғни 31 қаңтарда өтеді.

Ресей. Хабаровск

Допты хоккей

Әлем чемпионаты

Топтық кезең

Қазақстан - АҚШ 14-1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер