«Астананың» екінші жиындағы ойын кестесі жарияланды
Станимир Стоилов шәкірттерінің біріші қарсыласы швециялық «Хеккен» клубы болады, деп хабарлайды prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Команданың жеткен жетістіктеріне тоқталатын болсақ, 2016 жылы ел Кубогында топ жарса, 2012 жылы күміс жүлдегер атанған. Ал 2017 жылы команда ішкі біріншілікте үздік үштіктен небәрі бір ұпайға кем жинап, 4-ші орынға табан тіреді. Ал чемпионаттың үздік сұрмергендері тізімінде 9 гол соққан команданың бразилиялық ойыншысы Паулиньо бар. Бір қызығы, дәл қазір команданы бұрын АИК командасын баптаған Андреас Альм баптайды. Естеріңізде болса дәл сол ұжымды 2014/2015 жылғы футбол маусымында Станимир Стоилов шәкірттері сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіп, Еуропа Лигасының келесі кезеңіне жолдама алған болатын.
Ал астаналықтардың екінші қарсыласы қытайдың 8 дүркін чемпиондары «Ляонин» командасы. Кезінде бұл клуб сапында Замбия құрамасы сапында Африка Ұлттар Кубогының жеңімпазы атанған Джеймс Чаманга, және де қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Милош Трифунович пен Жафар Ирисметов өнер көрсеткен.
Елордалық команда екінші оқу-жаттығу жиынын тағы бір қытайлық команда «Шаньдун Лунэн Тайшан» ұжымына қарсы жолдастық кездесумен қорытындылайды. Бұл команда сапында ресейлік «Анжи» және Бразилия құрамасының экс-шабуылшысы Диего Тарделли, Италия құрамасының шабуылшысы Грациано Пелле өнер көрсетеді. Ал команданың жекелей жетістіктеріне тоқталатын болсақ, «Шаньдун» ұжымы Қытай чемпионатында 4 мәрте алтын жүлде иеленген.
Ойындар кестесі:
04.02 «Астана» - «Хеккен» (Швеция)
06.02 «Астана» -«Ляонинь» (Қытай)
08.02 «Астана» - «Шаньдун» (Қытай)