«Жилина» бас бапкері: «Астана» - біздің оқу-жаттығу жиынымыздағы ең мықты қарсылас

«Жилина» бас бапкері: «Астана» - біздің оқу-жаттығу жиынымыздағы ең мықты қарсылас

Бүгін, 29 қаңтар «Астана» Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясында Словакия чемпиондары «Жилина» командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. 

Осы орайда Қазақстанның төрт дүркін чемпиондарының баспасөз қызметі словакиялық клубтың бас бапкері Адриан Гуляға хабарласып, бүгінгі ойын туралы пікірін сұраған еді: 

- «Астана» сияқты мықты командаға қарсы кездесуде бізді қызық ойын күтіп тұр. Айта кетейік, біздің осы оқу-жаттығу жиыны аясындағы кездесулердегі ең мықты қарсыласымыз – «Астана» командасы болмақ. Ойын менің ойымша қызық болуы тиіс. Мен қазақстандық команданың еурокубоктерде «Легия»(Польша) және «Славия» (Чехия) командаларына қарсы өткізген кездесулерін тамашаладым. Астаналықтар сапында деңгейі өте жоғары шебер ойыншылар жинақталған. Бүгінгі ойын маусым алдындағы дайындық кезеңіндегі өзіміздің күшімізді тексеруге өте жақсы мүмкіндік. Біз ойынды асыға күтудеміз. 

- Жалпы Қазақстан футболы туралы не білесіз? 

- Мен сіздердің командаларыңыздың ойындарын жиі көріп тұрғандықтан, менде «Астана» туралы ақпарат жеткілікті. Және менің отандасым жұмыс жасаған «Қайрат» (Алматы) командасын да жақсы білемін. Ол команда сапында біздің чемпионаттың өкілдері Милош Лачны және Момоду Сиссей де өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или