The Ring бас редакторы: Головкин Альвареспен бірінші кездесуде таза жеңді

The Ring бас редакторы: Головкин Альвареспен бірінші кездесуде таза жеңді

The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бірінші кездесуде Головкин жеңіске лайық болды – ол жеті раундты таза ұтты. Айқайлаған адамдардың даусын естімей, теледидардан қайта қарағанымда, сегіз раундты жеңгенін түсіндім. Головкин – таза жеңімпаз, бірақ жекпе-жек бәсекеге толы болды: Канелоға қатты соққылар тимеді, ол нокдаунға түспеді. Реванш па? Оның жасы 27-де, Головкин 37 жасқа толады. Альвареске инсайдта көбірек қалып, демалу үшін канаттарға көп баруға болмайды. Головкинге қарсы қозғалу – қалыпты, бірақ көп олай істеуге болмайды. Сол кезде жеңе алады», - деді Фишер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или