UMBRO Futsal Awards 2017: «Қайраттықтар» жыл үздігі атана алмады

 UMBRO Futsal Awards 2017: «Қайраттықтар» жыл үздігі атана алмады

Алматылық «Қайрат» футзал командасының қақпашысы Игита UMBRO Futsal Awards 2017  марапатының «Жылдың үздік қақпашысы»  номинациясында екінші орын алды.

Игита <span>«Жылдың үздік қақпашысы» атағын осыған дейін екі мәрте(2015, 2016 жылдары) жеңіп алған еді. Биыл ипаниялық Пако Седаноға есе жіберіп алды. </span>

<span>Ал «Жылдың үздік ойыншысы» номинациясын испаниялық «Интер» командасының ойыншысы Рикардиньо жеңіп алды. Бұл португалиялықтың қатарынан төрт рет осы атақты иеленуі. Алматылық «Қайрат» клубының ирандық футзалшысы Хоссейн Тайеби бесінші орынды қанағат тұтты.</span>

<span>Ал үздік бапкері атағын «Интердің» бас бапкері Хесус Веласко алып, «Қайраттың» бапкері Какау екінші орында қалып кеткенін жазған едік.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или