Футзал

Какау әлемнің екінші үздік бапкері болды

Какау әлемнің екінші үздік бапкері болды
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футзал командасының бас бапкері Какау UMBRO Futsal Awards 2017 марапатының «Жылдың ең үздік клубтық бапкері 2017» номинациясында екінші орын алды.

Естеріңізге салсақ, Какау баптайтын «Қайрат» Қазақстан біріншілігінде топ жарып, УЕФА Кубогында қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ Еременко Кубогы мен Қазақстан Кубогында үздік шықты.

Осы жетістіктер Какауды «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткер он бапкердің арасынан екінші орынға жеткізіп отыр. Ал бірінші орын испаниялық «Интердің» бас бапкері Хесус Веласкоке бұйырды. Бұл бапкер осы атақты қатарынан төрт жыл бойы ешкімге берер емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер