МӘССАҒАН
Хоккей

Хоккейші төбелесем деп сақалынан айрыла жаздады

Хоккейші төбелесем деп сақалынан айрыла жаздады
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық хоккей лигасында "Сан-Хосе Шаркс" клубы үшін өнер көрсететін канадалық хоккейші Джозеф Эрик Торнтон ойын барысында шыққан төбелес салдарынан сақалының жартысынан айрылды.

Видео YouTube желісіндегі SPORTSNET каналында жарияланды. 2010 жылы Олимпиада чемпионы атанған Торнтон "Торонто Мэйпл Лифс" клубына қарсы өткен ойында Назем Кадримен жаға жыртысып, төбелесе кетті. Кадри отандасының сақалынан ұстап, бір тұлымын жұлып алды. 5 қаңтарда Ұлттық хоккей лигасы аясында өткен ойында "Торонто Мэйпл Лифс" 3:2 есебімен "Сан-Хосе Шаркс" хоккейшілерін жеңіп кетті.

kaz.tengrinews.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер