Criminals
Бокс/Күрес/ММА

Қылмыс әлемімен байланыстағы UFC жұлдыздары

Қылмыс әлемімен байланыстағы UFC жұлдыздары
news-banner7
mobile-news-top

Жаман жолда жүрген адамның түзу жолға оралуы қиын. Спортта жүрген шымыр әрі жігерлі жігіттердің басым көпшілігі жас кезінде «қақпанға түсіп», қылмыстық топтарда болғаны көпшілікке мәлім. Бұл жазбада өлім мен тұрменің ортасында тұрып, ММА спортының жұлдыз атанған 10 спортшы жайлы айтып беремін.


Тито Ортис

UFC даңқ залына енен Тито Ортис әлемдегі ең танымал файтерлердің бірі. Титоның ата-анасы героинде отырған нашақор болатын. Бала кезінен қиындық көрген Ортис Калифорния штаты, Санта-Ана көшелерінде бес жасынан бастап арақ ішіп, темекі тартқан. Ал тоғызында сол өңірде танымал «F-Troop» қылмыстық тобының мүшесі болған.

«Қылмыстық топта басында бұзақылықпен айналысып, үй мен көліктер тонадым. Бәсекелес топтармен айқасып, героин саттым. Ал жақын досым полиция қызметкерлерімен қақтығыс кезінде көз алдымда қайтыс болғанда, мен үшін өмірдің мәні өзгерді. Кейін анам мені Хантингтон-Бичке көшіріп алып кетті. Сол жерде менің күреске деген құштарлығым пайда болып, UFC-ден бірақ шықтым».

Роджер Уэрта

Роджер Уэрта қысқа мерзімде UFC промоушенінің бетке ұстар жекпе-жек шебері болды. Ұлттық спорт журналының мұқабасынан түспейтін спортшы қылмыс әлемімен тікелей байланыста болды.

Уэртаның ата-анасы бес жасында ажырасып, бөгденің тәрбиесінде өскен. Нашақор әкесі, өмірге ренжулі шешесі, қанышер асырап алған анасы және кедей әрі сырқаттанған ата-апасы Роджердің өмірін сұмдыққа толы қылған. Уақыт өте келе, екі ата-анасы одан бас тартып, 11 жасар Уэрта далада қөалады. Сан-Антонио көшелерінде, бункерлар мен үй шатырларын баспана қылып жүрген жас бала тірі қалу үшін «бомбалаушылар» бандасына кіреді. Бұзақылықпен айналысып, наша сатып, түбі қамауға алынады. «Жолы болар жігіттің желі оңынан тұрады» демекші 15 жасында оны ағылшын мұғалімі асырап алып, түрмеден аман сақтайды. Осы кезден бастап оның өмірі өрге домалайды.

Куб Свонсон

Жартылай жеңіл салмақтағы UFC жұлдызы Куб Свонсон 3 айында әкесінен айырылған. Ал жұмыссыз жүрген анасы оны асырай алмағандықтан діншіл туыстарына жіберген. Туыстары кенеттен көз жұмып, Свонсон өз анасына Палм-Спрингске оралады. Кейін шешесінің тәрбиесіне көнбей жергілікті бандаға жақын жүрді.

Көше төбелестері Свонсонға үйреншікті нәрсе болды. Жаман жолға түскен бала 17 жасында үй тонағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда өз қатесін уақытында түсініп, жергілікті қоғамдастықта ерікті жұмысын атқарып, спортқа көңіл бөле бастады.

Чико Камю

UFC ардагер Чико Камюс тәңірдің қалауымен ғана тірі қалғанын алға салуда. Ол алты жыл бойы Милуокиде қылмыстық ұйымдасқан «Латын пашалары» тобының мүшесі болған.

«Мен даладан келдім. Біз ақылсыз және жынды болдық. Мен кемінде 30-40 рет өлім аузынан қалдым»

Гангестерлер шайқасында Камю өлтірмек болған қарсыластары оның анасына оқ жаудырған. Ауыр жарақаттан аман қалған анасы Камюға болған жағдайды айқтаны оның өмірін өзгертті. Камю қылмыстық өмірден бас тартып, Энтони Петтиспен танысады. Оның спрарринг серіктесі болып, Руфуспорт академиясында жаттығады.

Ян МакКолл

Ян Макколл сол кезде мықты саналған «Lords Of South County» қылмыстық тобының бұрынғы мүшесі. МакКоллдың айтуынша, Ориндж мекеніндегі банда мүшелерінің басым көпшілігі жағдайы жақсы, ерке балалардан құралған болатын. Олар әлсіз адамдарды аңдып, ұрып, наша атумен айналысқан.

«Біз барлығын ұрып-соққан соң бұзақы атандық. Барлық қыздармен болғымыз келді. Мыйға симайтын боқ заттар жасадық. Сол үшін бізді соттады», - деді Маккалл.

Аталмыш топтың мүшелерін құрықтағанымен Макколл абақтыдан аман қалды. Бұл жағдай оған үлкен спорттың ешігін ашты.

Тайрон Вудли

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионының жастық шағы сабырсыз өткен. Спорт сүйер қауым оның өткен өмірі жайлы хабарсыз. Вудли кедей отбасынан шыққанын жасырмайды. Фергюсон қаласының тар төрт бөлмелі үйінде 15 адам өмір сүрген.

«Алдымызда күнде жиналу не қылымстық топ мүшесі болу таңдауы тұрды. Әкем мені мазақ қылған соң сол көшелерде ләйліп жүріп, топ мүшесіне кіріп кеттім»

Вудлидің айтуынша, көше оған талай нәрсені үйретті. Болашақта сегізбұрышта психологиялық түрде дайын болуына көмектесті.

«Мен көшеде арбастым, атыстым, мені соқты, маған оқ жаудырды, қаштым. Сол себепті ережесі мен төрешісі бар октагонға шығу еш қорқыныш тудырмайды»

Перл Гонсалес

Перл Гонсалес қазіргі таңда UFC промоушенының жарық жұлдызы саналады. Бұл нәзік жанды ару Чикаго бандаларының мүшесі. Ерте жастан нашақор ата-анасының кесірінен баспанасыз қалған.

«Өкінішке қарай, 12 жасымнан сол бандада болдым. Бұл мен білетін өмір салтының жалғыз түрі еді», - деп мойындады Гонсалес «ММА сағаты» бағдаламасында.

Гонсалестің күйеуі героинға отырған қылмыскер болған. Жолдасы абақтыға қамалған соң Гонсалес қылмыстан спортқа бет бұрды. Ал жұбайы түрмеден шыққан соң өмірін түпкілікті өзгертуге бел буып ММА спортына келген.

Терри Мартин

UFC файтері Терри Мартин Чикагоның батыс бөлшегінде дүниеге келген. Не бары 10 жасынан бастап қаланың қылмыстық мәдениетін бойына сіңіріп өскен. Көшенің бақ таласқан өмірінде белсенділік танытып жүрген Мартин 15 жасында өліммен бетпе-бет кездеседі. Атыс-шабыс нәтижесінде Терри арқасына бес оқ жарақатын алып тынады.

«Ауруханада мен сияқты жарақаттанған талай адам көрдім. Алайда олардың көбі не мүгедек не өліп жатты. Ол жағдай ойлануыма түрткі болды», - деді Мартин 2008 жылы «МMAWeekly» басылымына берген сұхбатында. Содан кейін Мартин ез арада ес жиып жоғарғы оқу орнын тәмамдады. Жоғарғы оқу орнында спортпен айналысып, өзін аралас жекпе-жектен тапты.

Роб Эмерсон

UFC-дің бұрынғы жекпе-жек шебері Роб Эмерсон Ян Макколл сынды «Lords Of South County» қылмыстық тобының мүшесі болған. Маккол түрмеден аман қалса, Эмерсон тоғыз айға бас бостандығынан айырылған.

«CCTV» жанармай құю орталығына шабуыл жасап ұсталған Эмерсон сот барысында өзінің кінәсіз екенін алға қойып, 3-4 жылдық айып мерзімінен жеңіл жазаға қол жеткізген болатын. Жоғарыда айтқандай бұл қылмысы үшін ол тоғыз айға бас бостандығынан айырылды. Ал араға бірнеше жыл сала топтасып төбелескені үшін Эмерсон тағы екі айға түрмеге қамалады. Бұл жолы кәсіби жекпе-жек шебері болған соң соттың қатал шешімінен құтыла алмайды.

Дамасио Пейдж

UFC, WEC және TUF ұйымдарының ардагер спортшысы Дамасио Пейдж Альбукеркенің кедей әрі қылмыскерлерге толы ауданында дүниеге келген.

«Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді» дегендей Дамасионың айтуынша, ол өмірінде қатте шешімдер көп қабылдады.

«Негізі мен жаман нәрселер көп жасадым. Бұрыс шешім қабылдадым. Ақылға симайтын қылықтар көп жасадым», - деді Пейдж Chingo Bling басылмына берген сұхбатында.

Күрес пен төбелес Пейдж үшін үйреншікті жағдай болатын. Күннің бір күнінде оны мектептен қумақ болғанда дене шынықтыру мұғалімі араласып, соңғғы мүмкіндік сұрап берді. Директордың қойылған шарты бойынша Пейдж мектептің балуандар командасында өнер көрсетуі тиіс еді. Жас кезінен төбелестің дәмін татқан Дамасио бірден келісімін беріп, өзін дәлелдеуге мүмкінішілік алды. Алайда, бұрынға өмірінен айырыла алмаған Дамасио біраз уақыттан соң күрес секциясынан қуылады. Өмірінің дәл осы кезеңінен бастап Пейдж жалпы MMA спортына аса көңіл бөліп, аралас жепе-жекті таңдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер