«Құпия» ақпарат

«Тобылдың» той-думаны жарты миллион тұрады

«Тобылдың» той-думаны жарты миллион тұрады
news-banner7
mobile-news-top

Қарашаның 5-і күні «Тобыл» клубының футболшылары мен бапкерлері, әкімшілігі, сондай-ақ қызметкерлері Қостанай қаласындағы караоке-бардың бірінде футбол маусымының аяқталуына орай «кішігірім» отырыс өткізіпті.

40-50 шақты қонақ Қостанайдағы MozArt караоке-барында маусымның аяқталуын тойлаған. «Кішігірім» отырыс бітіуіне жақындап, көңіл көтерушілер шотты сұратқанда даяшы қыз 600 мың теңге жазылған қағаз әкелген. Бұның несі қызық дерсіз? Миллионнан асатын айлық алатын футболшылар үшін бұл не ақша, сәрі...

Алайда ар гәп мынада. Арада екі күн өткенде «Тобыл» футбол клубы» ЖШС-ның goszakup.gov.kz мемлекеттік сайтында мемлекеттік сатып алу бойынша есеп беруінде 581 022 теңге мемлекет қаржысы мерекелік кешті өткізуге жұмсалды деп жариялаған. Яғни Миллионнан асатын айлық алатын футболшылар мен бапкерлер өз қалталарынан емес, мемлекеттік қазынасының қаржысына караоке-барда көңіл көтерген. Бұл не сұмдық? Құдай сақтап, «Тобыл» ел біріншілігінің қорытынды кестесінде 5-ші орынға тұрақтап, еурокубоктан тыс қалды. Қостанайлық ұжым төртінші орын иеленгенде даяшы әкелген шот 600 мың емес, миллионнан асып жығылатыны сөзсіз еді...

Мемлекеттің (еліміздегі әрбір азаматтың салық ретінде алынған әрбір теңгесі) қаржысын оңды-солды құртып, жымқыратын мұндай «сайқымазақ» футболшылар, футбол клубтары бізге қажет пе?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер