«Қайрат» «Столицадан» ұтылды
УЕФА Кубогының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп жатқан алматылық «Қайрат» топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізді.
Какау шәкірттерінің бұл жолғы қарсыласы беларусьтік «Сталица» клубы болатын.
Ойын алматылық команда үшін сәтті басталды деуге келмейді. Кездесудің фавориті болған алматылық клуб тек бірінші таймның 12 минутында Шыңғыс Есенамановтың көмегімен есепті ашты. Ал алғашқы жартылықтың соңында Першин «Сталица» қақпасына пенальти соға алмады.
Ал екінші таймда алматылықтар қарсылас қақпасына екі гол соғып, есепті 0:3 жеткезгенімен алаң иелері жігерлік танытты. Алаң қожайындары жоғарыда аталған есептен жеңісті жұлып алды. Нәтижесінде, «Қайрат» 3:5 есебімен ұтылып қалды.
Осылайша, «Қайрат» командасы УЕФА Кубогының Элиталық кезеңіне екінші орынмен шықты.
«Столица» — «Қайрат» (Алматы) 5:3 (0:1)
Голдар: Есенаманов 14 (0:1), Роса 33 (0:2), Есенаманов 34 (0:3) - Лазюк 36 (1:3),Морено 36 (2:3), Н. Грицина 38 (3:3), Черник 39 (3:4), Королишин (3:5)
«Столица»: Чернулин, Олишевкий, Черник (К), Морено, Королишин, Пояков, Чибисов, Лазюк, Бето, Жданович, М. Грицина, Горбенко, Н. Грицина, Щербин
«Қайрат»: Игита, Тайнан, Сүлейменов, Алешандре Мораес, Дуглас Жуниор — Дуду, Жаманқұлов, Даниэл Роса, Лео, Першин, Дрот, Тайеби, Нұрғожин, Есенаманов
Естеріңізге салсақ, алғашқы ойында Какау командасы Италия чемпионы «Пескараны» 5:1 есебімен жеңген. Ал «Динамоны» 2:7 есебімен ойсырата ұтқан болатын.