Футзал

«Қайрат» Италия чемпионын тас-талқан етті

«Қайрат» Италия чемпионын тас-талқан етті
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы УЕФА Кубогы Негізгі кезеңін жеңіспен бастады.

Алматылықтардың алғашқы қарсыласы Италия чемпионы «Пескара» болған еді.

Қазақстандықтарды Дугластың голы алға шығарған, көп ұзамай ол дубль автор атанды. Итальяндар да оңай беріле қоймай, есеп айырмасын қысқарта алды – 2:1. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды.

Бірақ бұл гол «Қайрат» футзалшыларын ашуландырып жіберсе керек. Золтан Дрот алматылықтардың үшінші голын соққан. Бұл есеп ұзақ сақталмады. Алешандре номиналды алаң иелерін төртінші ойынды ортадан бастауға мәжбүр етті. Бұл аз болғандай, «Пескара» қақпасына бесінші гол енді. Гол авторы – қақпашы Игита.

Осылайша, «Қайрат» алғашқы матчында сенімді жеңіске жетті. Енді алматылықтар мәскеулік «Динамомен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер