«Астана» америкалық қорғаушыны қатарына қосты

«Астана» америкалық қорғаушыны қатарына қосты

«Астана» баскетбол клубы жаңа маусым алдында құрамын жаңартып жатыр. Клуб америкалық қорғаушы Ларри Гордонмен келісім-шартқа отырды.

Гордон 1987 жылы 18 сәуірде Калифорнияда туған. Баскетболшы NCAA  студенттік лигасында «Cal Poly Mustangs» командасында ойнап бастаған. Кейін кәсіпқой мансабын Австрия, Германия және Корея клубтарында жалғастырды.

Былтырғы маусымды Гордон екі клубта өткізді – алдымен «Sonic Boom KT» (Оңтүстік Корея) командасында ойнаған, кейін немістің «SC Rasta Vechta» клубына ауысты.

Естеріңізге сала кетсек, ВТБ Бірегей лигасының жаңа маусымы алдында қазақстандық баскетболшылар екі турнирге қатысады: тамызда Бейрут (Ливан) қаласында өтетін Азия Кубогы мен қыркүйекте Қытайда өтетін Азия чемпиондары кубогы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или