Теңбіл доп әлемі
Футбол

«Реал» ойыншылары Роналдудың сөзіне сенбейді

«Реал» ойыншылары  Роналдудың сөзіне сенбейді
news-banner7
mobile-news-top

«Реал» шабуылшысы Роналду командадан кеткісі келетіндігін айтқан болатын.

Алайда оның командаластары оның бұл сөзіне сенбейді. Олар Роналду кетемін деп қорқытып жаңа келісім-шартқа отырып, айлығын өсіріп алуды көздейді деп есептейді. Бұл туралы Marca хабарлайды.

Ойыншылар Роналдудың айлығын өсірсе кетемін деуін қоятынына сенімді.

Естеріңізге салсақ, кеше бірнеше БАҚ Роналдудың командадан кеткісі келетіндігін жарыса жазған болатын. БАҚ таратқан мәліметке қарағанда Роналду Испания салық комитетінің қыр соңынан қалмай қойғанына наразы. Сондықтан ол Испания елінде доп тепкісі келмейді.

Ал ойыншының агенті Жорже Мендеш «Реал» клубының басшылығына Роналдуға бірнеше АПЛ клубтары қызығып отырғанын хабарлап үлгерген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер