Теңбіл доп әлемі
Футбол

Роналду «Реалдан» кеткісі келетінін айтты

Роналду «Реалдан» кеткісі келетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Реал» шабуылшысы Роналду өзінің айналасындағыларға мадридтік командадан кеткісі келетіндігін айтқан, деп хабарлайды португалиялық A Bola газеті.

Роналдудың мадридтік командадан кетуіне басты себеп болып отырған жайт оның үстінен қосғалған қылмыстық іс болып отыр.

Испания соты оны салықтан жартарды деп айыптап отыр. Әңгіме 14 786 897 еуро көлемінде. Егер Роналдудың қылмысы дәлелденген жағдайда ол 28 миллион еуро айыппұл төлеп қана қоймай жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осы күдікке байланысты «Реал» клубының басшылығы өзінің ойыншысын қорғап қала алмауда. Ал Роналду болса Испания елінен кетіп спорттық мансабын өзге елде жалғастыруды көздейді.

Дәл осындай жағдай тағы бір даңқты ойыншы Мессидің басынан да өткен. Тергеу нәтижесінде Месси 21 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

Қазірдің өзінде Роналдуды өз қатарында көргісі келетін бірнеше клуб табылып отыр. Олардың қатарында Англиядан «Манчестер Юнайтед», Франциядан ПСЖ, Германиядан «Герта» және Роналдудың өзі түлеп ұшқан «Спортинг» клубы бар.

Ал Роналдудың өзі әзірге ресми түрде ештеңе деп тіс жармады. Ол қазіргі уақытты Португалия құрамасымен Ресейде өтетін Конфедерация Кубогына дайындық үстінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер