ФИБА хиджабпен ойнауға рұқсат берді

ФИБА хиджабпен ойнауға рұқсат берді

Халықаралық баскетбол федерациясы (ФИБА) сайыстарға хиджабпен қатысуға рұқсат берді.

Бұған дейін араб елдерінде киілетін хиджабпен баскетбол алаңында ойнауға тыйым салынған болатын.

Енді жаңа ережеге сай, баскетболшы қыздардың орамалдары ақ, қара немесе киімдерімен бір түсте болуы керек. Бірақ орамалмен бетті жауып тастауға болмайды және ол басқа баскетболшылардың жарақат алып қалуына қауіп төндірмеуі тиіс.

ФИБА-ның жаңа ережесі биылғы жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или