Алесио: Дания құрамасы сауатты қорғанды
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алесио Дания құрамасына қарсы жеңісті кездесуден кейін өз пікірімен бөлісті.
- Ең алдымен Дания құрамасын құттықтаймын. Олар бүгін жақсы ойын өрнегін көрсетті. Тактикалық тұрғыда сауатты ойнап, футзалда мықтылар жоқ екенін дәлелдеді. Ал біз қарсыласты ашу үшін Игитаны көп қостық. Нәтижесінде, керекті көрсеткішке қол жеткіздік. Бүгінгі нәтижеге көңілім толды.
- Бүгін ойынға жаңа ойыншылар қосылды. Әр қайсысына тоқталып, келешегі жайлы айтып бересіз бе?
- Мен бұған дейін мүмкіншілік болса жаңа ойыншыларды ойнатамын дегенмін. Біржан Оразов қорғаныста ашулы ойнап, ойынға тамаша қосылды. Мен оны қарсыласты қыспаққа алу үшін кіргіздім. Ал Дәурен Тұрсағұловқа тоқталсақ, Қазақстанда ондай физикалық тұрғыда жақсы дамыған ойыншылар аз. Ол Альберт Акбаликов және Альберт Кнауб сияқты «бағананың» рөлін сомдайтын ойыншылардың бірі. Алайда онымен әлі жұмыс істеу қажет. Қайрат Иманалин тәжірибелі ойыншы, бірақ құрама сапында бұған дейін ойнамаған.
Естеріңізге салайық, бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2018 2018 іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасын ірі есепен ұтты.