Какау: «Нәтижеге көңілім толды»
«Қайрат» футзал клубының бас бапкері «Столицамен» (4:0) өткен ойын туралы айтып берді.
- Нәтижеге көңілім толды. Бұл командамен бұған дейін екі жолдастық кездесу өткізгенбіз. «Столица» әр ойын сайын жақсы өнер көрсетуде. Беларусьтік клубқа Нетоға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Оған қазір біздің қолдауымыз өте маңызды, - деді Какау.
Естеріңізге сала кетсек, футзалдан Еременко кубогының А тобында «Қайрат» беларусьтік «Столицаны» 4:0 есебімен ұтып, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или