«Қайрат» АФК Еременко кубогының жартылай финалына шықты

«Қайрат» АФК Еременко кубогының жартылай финалына шықты

Алматылық команда футзалдан Еременко кубогының «А» тобында алты ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. 

Минскілік ұжыммен Какауның шәкірттері былтыр кездескен болатын. Алматыда өткен екі жолдастық ойында 8:2 және 5:3 есебімен екі дүркін УЕФА кубогының иегері басым түскен еді.  

«Динаға» қарсы нәтижелі ойыннан кейін «Столица» «Қайратқа» төтеп бермекші болған. Бірақ беларусьтік ұжым тәжірибелі командаға қарсы ештеңе істей алмады. Алматылық команда минскілік клубтың қақпасына төрт жауапсыз гол соқты. Михаил Першин дубль жасаса, Тайеби мен Кабреува бір-бір доптан енгізді.

Осылайша, Какауның командасы топтық кезеңде екі рет жеңіске жетіп, «А» тобында бірінші орын алды. 

Еременко кубогы 2016/17, А Тобы

 «Қайрат» 4:0 «Столица»

Голдар: Тайеби 7, Першин 18, 28, Кабреува 23

 «Қайрат»:  Игита, Ронкальо, Дуглас,  Игор, Сүлейменов, Першин, Есенаманов, Тайеби, Дрот, Эвертон, Кабреува, Дуглас Нуньес, Диваней, Алешандре

«Столица»: Лукша, Поляков, Щербаченя, Бето, Горбенко, Фонсека, Жданович, Королишин, Кривицкий, Крыкун, Лазюк, Маргарян, Фероз, Черник, Чибисов, Шостак, Щербич

23 ақпан Троицк қ, «Квант» СК

af34b9212144ed088aca171a8666d380.jpg

Фото Никита Басовтыкі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или