АҚШ-та екі баскетболшы ойын алаңында төбелескені үшін қамауға алынды (+ВИДЕО)

АҚШ-та екі баскетболшы ойын алаңында төбелескені үшін қамауға алынды (+ВИДЕО)

АҚШ ұлттық студенттер спорты ассоциациясының командалары арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды NBC Sports.

Төртінші ширекте Дэниэл Уэбстер атындағы колледждің ойыншысы Маркиз Кодилл Оңтүстік Вермонт колледжінің атынан жарысқа қатысқан қарсыласына қол жұмсаған. Содан кейін ойын алаңында ойыншылар арасында кикілжің туындады. Жаппай төбелес полицейлердің көмегімен ғана тоқтатылған. Нәтижесінде 22 жастағы Кодилл мен оның командаласы - 22 жастағы Энтвоун Бойд қамауға алынды. Оларды бұзақылық жасады деп айыптауда. 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или